"Адамнан иттің жақсы болғаны да". Әкесі "ұрып" жатқан сәбиге ит араша түсті (видео)

0
1 969

Бірақ, "ас берген қолды" қатты тістеуге төрт аяқты достың да дәті бармағаны байқалып тұр. Ересек адамның сәбиді ұруын тоқтатпайтынына көзі жеткен ит ақыры нәрестені өз денесімен жауып, таяқтан қорғап қалуға тырысты.


ERNUR.KZ. Сәбиді қорғаған ит туралы түсірілген видео интернетте сәт санап танымал боп келеді.

Онда сәбиін "ұрып" жатқан әкені иті тоқтатпақ болады. Әрине, ер адам баланы ұрып жатқан жоқ. Ол тек ұрған кейіп танытып тұр. Алайда, дүниеге жақында ғана келген шаранаға жаны ашыған ит қожайынының қылығын тоқтатуға әрекет жасады. Бірақ, "ас берген қолды" қатты тістеуге төрт аяқты достың да дәті бармағаны байқалып тұр. Ересек адамның сәбиді ұруын тоқтатпайтынына көзі жеткен ит ақыры нәрестені өз денесімен жауып, таяқтан қорғап қалуға тырысты.

Бейнероликтегі адамның сөйлеген сөздеріне қарапоқиға араб елдерінің бірінде болғанын пайымдауға болады.

Қысқа уақыт ішінде бұл роликті көптеген желі тұтынушысы қарап шыққан. Кей әлеуметтік желі қолданушылары: "Адамнан иттің жақсы болғаны да. Санасыз жануар балаға осылай араша түсіп жатыр. Ал адамдар өз баласын қоқысқа тастап кетіп жүр" деген пікірлер қалдырыпты.

видео желіден алынды



Бөлісу