Африка мен Таяу Шығыста індеттің төртінші толқыны басталды

0
488

Тіркелген науқастар саны бойынша Иран, Ирак, Тунис және Ливия елдері көш бастап тұр.


Африка мен Таяу Шығыста індеттің төртінші толқыны басталды

ERNUR.KZ. Таяу Шығыс пен Африка елдерінде коронавирус індетінің төртінші толқыны басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Аймақтағы 22 елдің кем дегенде 15-інде COVID-19 дертін жұқтырғандар саны күрт өскен. Соңғы апталарда вирус жұқтырудың 310 мыңнан астам фактісі анықталып, 3,5 мыңға тұрғын аурудан қаза тапқан. Бұл көрсеткіш бойынша Иран, Ирак, Тунис және Ливия елдері көш бастап тұр.

«Ауруханаға жатқызылғандардың басым бөлігі – вакцинациядан бас тартқан адамдар. Егер біз барлық қажетті шараларды ұстанатын болсақ, келесі толқын басталмайды», – деді ДДСҰ-ның аймақтағы өкілі Ахмад Әл-Мадхари.

Коронавирустық инфекцияның төртінші толқынының басталғаны туралы Еуропаның бірқатар елі,нақтырақ айтқанда, Финляндия, Франция және Португалия елдері хабарлады. «Дельта» штамы АҚШ-та өршіп тұр. Бұл елдегі науқастардың шамамен 52%-ы осы штамды жұқтырған.