Әйгілі футболшы Мессиге түнгі клубта шабуыл жасалды (ВИДЕО)

0
1 046

Аралдағы түнгі клубтың бірінде 32 жастағы футболшы өз әйелімен билеп жүрген.


Әйгілі футболшы Мессиге түнгі клубта шабуыл жасалды (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Әйгілі футболшы Лионель Мессиге белгісіз біреу шабуыл жасамақ болды, деп жазады sn.kz.

Барселона футбол клубы мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Америка кубогындағы ойындарынан кейін Ибица аралында демалып жүр.

Аралдағы түнгі клубтың бірінде 32 жастағы футболшы өз әйелімен билеп жүрген. Бірақ әлдекім демалушылардың арасынан атып шығып, Леоға шабуыл жасамақшы болған. Алайда күзетшілер бұзақыға тойтарыс беріп, Мессиді түнгі клубтан алып кетті.