Айзаданы ұрлаған адам өлер алдында аудиохабарлама қалдырған

0
1 453

Қырғызстанда бұл іс үлкен қоғамдық резонансқа ие болды. Оны ел Президенті Садыр Жапаров жеке бақылауына алды.


Айзаданы ұрлаған адам өлер алдында аудиохабарлама қалдырған

ERNUR.KZ. Бішкек тұрғыны 26 жастағы Айзада Қанатбекованың өліміне күдікті Замирбек Теңізбаев өлер алдында туыстарына аудиохабарлама жіберген. Жазба әлеуметтік желілерде таралды, деп жазады Tengrinews.kz.

Аудиохабарламада ер адам туыстарымен қоштасады.

"Оны өте қатты жақсы көремін және онсыз өмір сүре алмаймын. Қанша өтінсем де ол менімен тұрғысы келмейді. "Бір ай күт" деді, күттім. Содан кейін тағы бір ай. Бірақ қазір бәрі бітті. Енді сенбеймін", - дейді ол.

Аудио "ұрлау" әрекеті болғаннан кейін 5 сәуірде жазылуы мүмкін. Замирбек хабарламаны ағасы мен анасына жіберген. Аудиохабарламада Айзаданың дауысы да естіледі.

"Сенен күте тұруды өтіндім ғой", - дейді ол.

Сонымен қатар, Замирбек соңғы күндері қарым-қатынастары қиындап кеткенін мойындаған. Ер адам бірнеше рет кешірім сұрайды.

"Ұлыңыздың осындай болғаны үшін кешіріңізші", - дейді ол.



Айта кетейік, 7 сәуірде Бішкек маңындағы алаңда ұрланған Айзада Қанатбекованың және оның өліміне күдікті Замирбек Теңізбаевтың мәйіті автокөліктен табылғаны хабарланған еді. Ер адам Ресей түрмелерінде үш рет жазасын өтеген.
Қызды 5 сәуірде бірнеше ер адам ұрлап әкеткен. Ұрлау сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алайда Айзаданы полиция қызметкерлері емес, далада жүрген шопан тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті онымен сөзге келіспей, қылғындырып, артынша өз-өзіне қол жұмсаған.
Қырғызстанда бұл іс үлкен қоғамдық резонансқа ие болды. Оны ел Президенті Садыр Жапаров жеке бақылауына алды.