Академик омикрон штамын коронавирусқа қарсы табиғи вакцина деп атады

0
281

Жаңа штаммен ауырып жазылған адамдардың коронавирусқа қарсы иммунитеті күшейюі мүмкін.


Академик омикрон штамын коронавирусқа қарсы табиғи вакцина деп атады

ERNUR.KZ. Омикрон-штамм табиғаттың өзі жасаған тірі вакцина болуы мүмкін. Бұл туралы Ресей ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, вирусолог, В. А. Энгельгардт атындағы молекулярлық биология институтының зертхана меңгерушісі Петр Чумаков мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Бұл дегеніміз, коронавирустың осы штамымен ауырып жазылған адамдарда соның басқа нұсқаларына қарсы қорғаныс күшейеді", — дейді Чумаков.

Ғалымның айтуынша, омикронның арқасында әлем локдаунды ұмытады. Алайда жаңа штамм коронавирустың басқа штамдарын ығыстыра ма, жоқ па, ол жағы әзірше белгісіз.

Айта кетері, қазанның соңында Ботсвана және Оңтүстік Африка Республикаларында коронавирустың жаңа штамы анықталған болатын.

Ғалымдардың ойынша, SARS-CoV-2 геномындағы жаңа өзгерістердің басым бөлігі омикрон-штамның аса жұқпалы екенін көрсетіп отыр. Вирус ауырып жазылғандар мен екпе алғандардың антиденесін айналып өтуі де мүмкін. Әзірге зерттеудің нақты нәтижесі шыққан жоқ.

Мамандардың болжамына сәйкес, B.1.1.529 штамы әу баста иммунитеті әлсіз адамның ағзасында пайда болған. СПИД немесе ВИЧ-пен ауыратындардан тараған болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл жиналыс шақырып, B.1.1.529 штамына қатысты алаңдаушылық білдірді. Оған "омикрон" деген атау берілді. Қазіргі кезде Еуропа одағы мен басқа да елдер кейбір Африка мемлекеттерінен адам кіргізуге тыйым салып отыр. Оның ішінде Қазақстан да бар.