Әкесі 17 жасар қызын әлеуметтік желіде аукционға қойған

0
126

Қыз 9 әйелі бар ер адамға бұйырды.


Әкесі 17 жасар қызын әлеуметтік желіде аукционға қойған

ERNUR.KZ. Оңтүстік Судандағы бір отбасы Фейсбук желісінде 17 жасар қызына аукцион ұйымдастырған, деп жазады oinet.kz.

Аукционда 6 ер азамат бәсекеге түскен. Олардың арасында біреуі жоғары шенді шенеунік болған. Шенеунік 17 жасар қызға ерекше ынтамен үміттенген. Өзінің ол отбасымен бұрыннан таныс екенін, қызға ол әлі кішкентай кезінде-ақ үйленем деп уәде еткенін айтқан. Ер азамат қыздың отбасына 250 ірі қара мал ұсынған.

Алайда шенеуніктің қызға қолы жете алмаған. Қыз басқа бір Кока Алат атты «сатып алушыға» бұйырған. Ол қызды алу үшін 500 ірі қара мен 3 автомобиль және 7,5 мың еуро берген.

Кока Алаттың 9 әйелі бар екен.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет