АҚШ коронавирусқа қарсы толық вакцина алған туристерге есігін ашады

0
454

Америка шетелдіктерден АҚШ-тың реттеуші органдары немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы рұқсат еткен вакцинаны салдырып келу талабын қойды.


АҚШ коронавирусқа қарсы толық вакцина алған туристерге есігін ашады

ERNUR.KZ. АҚШ 8 қарашадан бастап бірқатар елдің коронавирусқа қарсы толық вакцина алған туристеріне шекарадан өтуге шектеулерді алып тастайды, деп жазады Tengrinews.kz

8 қарашадан бастап Америка Құрама Штаттары Франция, Германия, Италия, Испания, Швейцария және Грецияны, сондай-ақ Ұлыбритания, Ирландия, Қытай, Үндістан, ОАР, Иран және Бразилияны қоса алғанда, Еуропадағы Шенген келісіміне қол қойған 26 елдің толық вакциналанған әуе жолаушыларын қабылдайды.

Америка шетелдіктерден АҚШ-тың реттеуші органдары немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы рұқсат еткен вакцинаны салдырып келу талабын қойды.

Қыркүйектің соңында Washington Post газеті Ресейдің "Спутник V" вакцинасымен егілген азаматтар қарашадан бастап АҚШ-қа кіргізілмеуі мүмкін екенін хабарлаған болатын, өйткені вакцина америкалық реттеушілердің немесе ДДСҰ-ның мақұлдауын алған жоқ.