АҚШ Мемлекеттік департаменті Семей полигонына қатысты мәлімдеме жасады

0
581

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктағы парақшасында жазды.


АҚШ Мемлекеттік департаменті Семей полигонына қатысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай мәлімдеме жасады, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктағы парақшасында жазды. Мемлекеттік департамент өз мәлімдемесінде Қазақстанды сынақ полигонының жабылуымен құттықтады.

Сондай-ақ бұл шешімнің әлемде бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған аса маңызды шаралардың бірі екенін атап өтті. Полигон жабылғалы Құрама Штаттар Қазақстанмен бірлесіп сынақтардан қалған инфрақұрылымдардың қалдықтарын жою бойынша әріптестік орнатты. Сонымен қатар Мемлекеттік департамент Қазақстан үкіметіне тұрақты серіктестігі үшін ризашылығын білдірді.