АҚШ Ресейге долларлық купюраларды жеткізуді тоқтатты

0
566

​Байден Ресейге долларлық купюраларды жеткізуге тыйым салатын жарлыққа қол қойды.


АҚШ Ресейге долларлық купюраларды жеткізуді тоқтатты

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байден Ресейге долларлық купюраларды кез келген басқа жолмен сатуға немесе жеткізуге тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.

Атап айтқанда, "АҚШ-тан немесе американдық жеке тұлғалардың, олар қайда болса да, Ресей Федерациясының басшылығына немесе Ресей Федерациясында орналасқан кез келген тұлғаға тікелей немесе жанама түрде долларлық купюраларды экспорттауға, қайта экспорттауға, сатуға немесе жеткізуге тыйым салады", деп жазылған құжатта.