АҚШ соты 180 миллион доллардың дауын Қазақстанның пайдасына шешті

0
400

Американың бір топ компаниясы Арыс және Арал мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану туралы концессиялық келісімшарттар талабы бұзылғанын айтып, сотқа шағымданған.


АҚШ соты 180 миллион доллардың дауын Қазақстанның пайдасына шешті

ERNUR.KZ. Америка Құрама Штаттарында талап-арызының жалпы сомасы 180 миллион доллар болған дау Қазақстанның пайдасына шешілді, деп жазады baribar.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылы 26 сәуірде АҚШ-тағы Колумбия округының соты Turan Petroleum, Inc. (Делавэр штаты), Energyfund, Inc. (Колумбия округы) и Trustees for Trek Resources, Inc. (Невада штаты) сияқты америкалық компаниялардың Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне қарсы (бұрынғы Мұнай және газ министрлігі) 180 миллион доллардан асатын көлемдегі талап-арызын қабылдамады.

Талап-арызға қарағанда Арыс және Арал мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану туралы концессиялық келісімшарттар талабы бұзылған, АҚШ пен Қазақстан арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім (“Екіжақты инвестициялық келісім”) бойынша талапкерлердің құқығы бұзылған, фидуциар міндеттер орындалмаған, әділетсіз түрде пайда табылған, фактілер бұрмаланған және оған немқұрайлы қаралған.

Сот бұл істі АҚШ-тың “Шетелдің тәуелсіз иммунитеттері туралы” заңына сай юрисдикция болмағандықтан қарауына қабылдай алмады.

Осылайша Колумбия округы сотының шешімі Қазақстан Республикасының осы дауға қатысты ұстанымының дұрыстығын толық растады және ол Қазақстан Республикасы аумағында шетел инвесторларын жан-жақты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған саясатымен үйлеседі, – делінген Әділет министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Дауда Қазақстан мүддесін ҚР Әділет министрлігі мен Қазақстан Үкіметінің консультанты – Reed Smith компаниясы қорғаған.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет