АҚШ-та әлемдегі ең ұзын найзағай тіркелді

0
789

Бұған дейін ең ұзын найзағайдың қашықтығы 60 шақырымдай ғана болған екен.


АҚШ-та әлемдегі ең ұзын найзағай тіркелді

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Табиғаттың тосын құбылысы 2020 жылы сәуірдің 29 күні болған, деп жазады 24.kz.

Көктен жарқ еткен найзағай үш бірдей: Техас, Луизиана және Миссисипи штаттарының аспанымен өтіп, 768 шақырым жерге дейін жеткен.

Ғалымдар сирек құбылысты жерсерігі арқылы жазып алған. Мамандар найзағай мұндай қашықтықты бірнеше секундта еңсергенін айтады.

Ал дерекке сүйенсек, бұған дейін ең ұзын найзағайдың қашықтығы 60 шақырымдай ғана болған екен.