АҚШ-та авиашоу кезінде ұшақ құлады

0
368

Ұшақ Детройт маңындағы Бельвиллдегі тұрғын үй кешенінің көлік тұрағына құлап, бірнеше көлікті зақымдаған.


АҚШ-та авиашоу кезінде ұшақ құлады

ERNUR.KZ. Мичиган штатында жексенбі күні өткен авиашоу кезінде МиГ-23 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Детройт халықаралық әуежайының сайтында жазылған, деп жазады ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай жергілікті уақытпен сағат 16:00-де болған. Ұшақ Детройт маңындағы Бельвиллдегі тұрғын үй кешенінің көлік тұрағына құлап, бірнеше көлікті зақымдаған. Ұшқыш пен экипаждың екінші мүшесі катапульталанып үлгерген. Олар аман қалған, бірақ тексерілу үшін ауруханаға жеткізілді. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ, делінген хабарламада.

Fox News телеарнасы мәлім еткендей, осы оқиғаға байланысты әуе шоуын ұйымдастырушылар мерекені тоқтатуға мәжбүр болған. АҚШ Федералды әуе басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр.