​АҚШ-та Қазақстанның үш азаматына айып тағылды

0
1 135

Тұтынушылардың шығыны шамамен 4,5 миллион АҚШ доллары.


​АҚШ-та Қазақстанның үш азаматына айып тағылды

ERNUR.KZ.АҚШ-та 25 адамнан тұратын алаяқтар тобы әшкереленді, құрамында Қазақстанның үш азаматы болған, деп жазады sputniknews.kz.

Нью-Йорктің Оңтүстік округы прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, қылмыстық топ құрамында Ресейдің жеті азаматы, Грузияның бес азаматы, төрт Әзербайжан азаматы, үш қазақстандық, екі латвиялық, екі украин азаматы болған; сонымен бірге, айыпталғандар қатарында АҚШ пен Түркия азаматтары да бар. Сейсенбі күні Нью-Йоркте осы іс бойынша 11 адам ұсталды, тағы біразы Флорида мен Мичиганда қолға түсті, тағы сегіз адам іздеуде жүр, оның алтауы ресейлік.

Оларға тағылған айыптар бойынша, ҰҚТ көлік сату туралы жалған хабарландырулар таратып, адамдардан кепіл ақша алып, ізін суытып отырған. Осы мақсатта бірнеше жалған фирма ашып қойыпты. Тұтынушылардың шығыны шамамен 4,5 миллион АҚШ доллары.

ҰҚТ мүшелерінің әрқайсысына алаяқтық мақсатында өзара сыбайласу айыбы тағылған – ол үшін 30 жылға дейін түрмеге отыруы мүмкін. Сонымен бірге, ақшаны жылыстату мақсатында сыбайласу айыбы бойынша 20 жылға сотталуы ықтимал.