АҚШ-та концерт қонақтары арнайы қаптың ішінде отырды

0
2 427

Әр қаптың арасында қауіпсіз арақашықтық сақталған. Сөйтіп, концертке бас-аяғы 300 адам жиналыпты.


АҚШ-та концерт қонақтары арнайы қаптың ішінде отырды

ERNUR.KZ. АҚШ-та жергілікті музыкалық топтардың бірі оның қалай өтетінін көрсетті, деп жазады 24.kz.

Оклахома-Сити қаласында өткен концертте барлық санитарлық талап сақталған. Келушілер де, тіпті музыканттар да арнайы пластик қаптың ішінде отырған. Оған 3 адамнан артық кіруге болмайды.

Музыканы жақсы есту үшін әр қаптың ішінде динамик орнатылған. Одан бөлек көрермендерге желдеткіш, шөлмектегі су және сүлгілер де ұсынылды. Әр қаптың арасында қауіпсіз арақашықтық сақталған. Сөйтіп, концертке бас-аяғы 300 адам жиналыпты.