АҚШ-та тоғыз мың баррель мұнай теңізге төгілді

0
1 193

Танкер мұнай тиелген баржаларды қағып, бүйірін тескен.


АҚШ-та тоғыз мың баррель мұнай теңізге төгілді

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Хьюстон қаласына жақын жерде екі баржа мен танкер соқтығысып, суға 9 мың баррель мұнай төгілді, - деп жазады kaz.tengrinews.kz.

Оқиға теңіз айлағына жақын жерде болды. Танкер мұнай тиелген баржаларды қағып өтіп, оның бірінің бүйірі тесіліп қалған. Кемелердің соқтығысуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір төтенше жағдайлар қызметі апаттың салдарымен күресіп жатыр. Шикізат теңізге әлі ағып жатыр. Кей мәліметтерге қарағанда әр баржада 15 мың баррель мұнай болған көрінеді.