АҚШ-та ұшақ құлап, 5 адам қаза тапты (видео)

0
728

Ұшақ дәл көшенің ортасына құлап, кетіп бара жатқан 3 адам жарақат алған.


АҚШ-та ұшақ құлап, 5 адам қаза тапты (видео)

ERNUR.KZ. Сенбі 28 желтоқсан күні АҚШ-тың Луизиана штатында ұшақ апатқа ұшырап, 5-ке жуық адам қаза болды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, BBC News хабарлады. Ұшақ дәл көшенің ортасына құлаған. Көшеде кетіп бара жатқан 3 адам жарақат алған.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметтеріне сүйенсек, ұшақта 6 адам болды, оның біреуі тірі қалған. Алайда, қандай ұшақтың апатқа ұшырағаны белгісіз.

Ұшақ таңғы сағат 9.00 шамасында ұшқаннан кейін құлаған. Синоптиктердің айтуынша, таңертеңнен аталмыш өңірді қалың тұман басып тұрған.

KATC News каналы әуе кемесі жерге құлап жарылған сәтте көршілес ғимараттың әйнектері сынып кеткенін хабарлады. Сонымен қатар, Walmart универсамының қызметкерлері мен келушілері қауіпсіз жерге көшірілгенін де айтты.

Жергілікті тұрғын Кевин Джексон каналдың журналистеріне болған жайтты баяндады.

Мен сол сәтте апат болған жерге өте жақын тұрдым. Ұшып келе жатқан ұшақтың түтіні бұрқырап келе жатқанын көрдім. Ол жерге түскенде, тіпті менің трейлерім қозғалып кетті, - деді ол.
Қайғылы оқиғаның куәгерлері апат болған жерден түсірілген видеоларымен бөлісті