АҚШ-та вакцина салдырған тұрғындарға шектеу жеңілдеді

0
2 415

АҚШ-тың жаңа әкімшілігі Джо Байден президент болғаннан кейін 100 күннен соң 100 миллион адамды вакцинациялауға уәде берген еді.


АҚШ-та вакцина салдырған тұрғындарға шектеу жеңілдеді

ERNUR.KZ. АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын салдырған тұрғындарға науқаспен байланыста болған жағдайда карантинде жатпауына рұқсат етілді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Толық вакцинацияланған, талаптарға сай адамдар COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған жағдайда да карантинде жатпауына рұқсат етіледі", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері коронавирустың тез жұғатын түрі АҚШ тұрғындары арасында тарамауы үшін азаматтарға қарапайым хирургиялық масканың сыртынан екі қабат маска, мата маска тағуды ұсынды.

Еске салайық, АҚШ-тың жаңа әкімшілігі Джо Байден президент болғаннан кейін 100 күннен соң 100 миллион адамды вакцинациялауға уәде берген еді. Ал президенттің өзіне Pfizer және BioNTech компаниялары жасаған вакцина тікелей эфирде салынған еді.