​АҚШ-тағы ең алғашқы өзбекстандық полицей-қыз атанған ару киім ұрлау үстінде ұсталды (видео)

0
1 945

Ұрланған заттардың бағасы 300 доллар деп бағаланған.


​АҚШ-тағы ең алғашқы өзбекстандық полицей-қыз атанған ару киім ұрлау үстінде ұсталды (видео)

ERNUR.KZ. 17 тамыз күні Нью-Йорк полициясының қызметкері Staten Island Mall сауда орталығындағы қымбат дүкеннен киім ұрлағаны үшін ұсталды, деп жазады ca-news.org.

24 жастағы Садокат Махсудова аталған сауда үйінен 4 бірдей зат ұрлау үстінде ұсталған. Полицей қызды сауда орнының қызметкерлері 300 доллар тұратын заттарға ақша төлемей шығып бара жатқан жерінен тоқтатқан.

Махсудоваға ұсақ ұрлық бойынша айып тағылып, қызметінен уақытша шеттетілді.

Еске сала кетсек, 24 жасар өзбек қызы Садокат Махсудова АҚШ-тағы ең алғашқы полицей-қыз атанған Өзбекстан азаматшасы болатын. Бойжеткен полиция академиясының 6 айлық курсынан соң емтиханды сәтті тапсырып, ресми түрде Нью-Йорк полициясы атанған еді.

Айта кету керек, Садокат Өзбекстан елінің Бұхар облысында туып-өсіп, 2009 жылы АҚШ-қа қоныс аударған. Қазір Статен-Айлендте ата-анасымен бірге тұрады.