АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауытында алапат өрт шықты

0
1 696

Қала билігі тұрғындарды өрт орнынан 3 шақырым радиуста эвакуациялау туралы шешім шығарды.


АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауытында алапат өрт шықты

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Луизиана штатындағы Гарривилл қаласында орналасқан Marathon Petroleum мұнай өңдеу зауытында алапат өрт шықты, деп жазады ulysmedia.kz.

Қала билігі тұрғындарды өрт орнынан 3 шақырым радиуста эвакуациялау туралы шешім шығарды, ал жалын қазірдің өзінде ғарыштан да көрінеді, деп мәлімдеді CNN.

Компания өкілдері өрттің локализацияланғанын, әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін айтты. Өрт сөндірушілер өртпен белсенді күресіп, ауадағы улы заттардың концентрациясын өлшеуде.