АҚШ-тағы сайлау қорытындысы неге жарияланбай жатқаны белгілі болды

0
497

Алдын ала мәлімет бойынша, Невадада Байденге 588 252 адам дауыс берсе (49,3 пайыз), Трампқа 580 605 адам (48,7 пайыз) дауыс берген.


АҚШ-тағы сайлау қорытындысы неге жарияланбай жатқаны белгілі болды

ERNUR.KZ. АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысы неге жарияланбай жатқаны белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Дереккөз мәліметінше, Невада штатындағы дауыс берушілер әлі есептелмеді. Олар тек бүгін, 5 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 21.00-де) жарияланады. Қазіргі уақытта штатта дауыс бергендердің шамамен 75 пайызы есептелген.

Осыған байланысты сайлау қорытындысы әлі жарияланбаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Невадада Байденге 588 252 адам дауыс берсе (49,3 пайыз), Трампқа 580 605 адам (48,7 пайыз) дауыс берген.