АҚШ-тың симфониялық оркестрі Бетховеннің шығармасын онлайн орындады

0
994

Музыкалық ұжым әлеуметтік арақашықтықты сақтап, індеттен қорғануды шешкен.


АҚШ-тың симфониялық оркестрі Бетховеннің шығармасын онлайн орындады

ERNUR.KZ. АҚШ ұлттық симфониялық оркестрі Бетховеннің шығармасын алғаш рет онлайн орындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі ұжым коронавирусқа байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшкен.

Әрбір музыкант шығарманың өзіне қатысты бөлігін үйінде отырып ойнады. Бұған дейін оркестр Дворжак пен Рахманиновтың шығармаларын да онлайн орындаған еді. Осылайша ұжым әлеуметтік арақашықтықты сақтап, індеттен қорғануды шешкен.

Айта кетейік, АҚШ ұлттық симфониялық оркестрі коронавирусқа байланысты тамыздың 9-ына дейін концерттік шараларын тоқтатқан.