Ақша жинап алған қымбат автокөлігі ұрланған болып шықты

0
1 039

Құжаттарының барлығы дұрыс болған


Ақша жинап алған қымбат автокөлігі ұрланған болып шықты

ERNUR.KZ. Душанбе тұрғыны Абдурасула Курбонова қымбат тұратын Volkswagen автокөлігін алуға бес жыл бойы ақша жинаған. Бірақ оның қуанышы көпке созылмады, автокөлік Ресейде ұрланып, үшінші мемлекет арқылы Тәжікстанға әкелген болып шықты, деп жазады centralasian.org.

"Бес жыл бұрын бұл машина 30 мың доллар тұратын. Құжаттарының барлығы дұрыс еді. Көлікпен Украина шекарасынан өткім келген уақытта мені тоқтатты. Мен төрт күн бойы абақтыда жаттым", - деді автокөлік иесі.

Жақында Литва құқыққорғау органдары Германиядан Тәжікстанға қымбат автокөліктер ұрлаумен шұғылданған трансұлттық топты қолға түсіргенін хабарлады. Литваның сегіз азаматы ұсталған. Тағы екі адам Германияда қолға түскен.

Полиция мәліметі бойынша, 15 автомобиль Тәжікстан аумағына ұрлықпен келген, олардың жарымы ғана табылды.

Тәжікстан құқыққорғау органдары бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.