Актер Том Хэнкс пен оның әйелі коронавирус жұқтырды

0
788

Том Хэнкс көпшілікке "Большой", "Форест Гамп", "Спасти рядового Райана", "Изгой", "Чудо на Гудзоне" фильмдері арқылы таныс.


Актер Том Хэнкс пен оның әйелі коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Голливуд актері, "Оскар" жүлдесінің екі дүркін иегері Том Хэнкс өзі және әйелі Рита Уилсон коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы 63 жастағы актер Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Сәлем, достар. Рита екеуіміз осындамыз, Аустралияда. Біз өзімізді сәл шаршаңқы сезініп, тұмауратқандай болып, денеміз ауырсына бастады. Рита уақыт өте келе қалтырай бастады. Барлығы дұрыс екеніне көз жеткізу үшін коронавирустан тексерістен өттік, тест нәтижесі оң болып шықты", - деп жазды актер.

Том Хэнкс көпшілікке "Большой", "Форест Гамп", "Спасти рядового Райана", "Изгой", "Чудо на Гудзоне" фильмдері арқылы таныс. 2016 жылы актер сол кездегі АҚШ президенті Барак Обаманың қолынан еркіндік медалін алды.