«Әл-Қаида» террористік ұйымының негізін қалаған Усама бен Ладеннің ұлы мерт болды

0
97

Бұған дейін биыл АҚШ мемлекеттік департаменті жас шамасы отыздан енді асқан Хамза бен Ладен, «Әл-Қаида» ұйымындағы әкесінің орнын басуды көздеп отыр деп хабарлаған.


«Әл-Қаида» террористік ұйымының негізін қалаған Усама бен Ладеннің ұлы мерт болды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың бірқатар басылымдары 31 шілдеде «Әл-Қаида» террористік ұйымының негізін қалаған Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладеннің мерт болғанын хабарлады, деп жазады azattyq.org.

NBC News Ақ үйдің АҚШ әскерилері қатысқан арнайы операцияда Хамза бен Ладеннің шынымен қаза болғанына сенімді екенін хабарлады.

New York Times басылымының жазуынша, арнайы операция соңғы екі жыл бойы жүргізілген, бірақ осы күнге дейін Усама бен Ладеннің ұлының қазасына дәлел болмаған.

Бұған дейін биыл АҚШ мемлекеттік департаменті жас шамасы отыздан енді асқан Хамза бен Ладен, «Әл-Қаида» ұйымындағы әкесінің орнын басуды көздеп отыр деп хабарлаған. Осыдан кейін АҚШ билігі биыл ақпанда оны ұстауға көмектесетін ақпарат үшін миллион доллар сыйақы тағайындаған. Мұндай шешімге Хамзаның өз жақтастарына 2011 жылы америкалық арнайы жасақтың қолынан мерт болған әкесі үшін кек алу мақсатында АҚШ-қа жабуыл жасауға шақырып, интернет арқылы аудио және видео үндеулер жариялағаны себеп болған.

Усаба бен Ладеннің тағы бір ұлы әкесін ұстау үшін жүргізілген операция кезінде қаза болған. Ал үшінші ұлы «Әл-Қаидаға» араласпаған.

Сауд Арабиясының «Ум әл-Кура» басылымының хабарлауынша, биыл наурызда Хамза бен Ладен өзі туып-өскен осы елдің азаматтығынан айырылған.

Усама бен Ладеннің өзін АҚШ-тың арнайы жасақ өкілдері 2011 жылы мамыр айында Пәкістанда атып өлтірген болатын.

АҚШ-та Хамза бен Ладенді «Әл-Қаида» террористік тобы жетекшілерінің бірі деп санайды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет