Алапат өрт бір қаланы толығымен жойып жіберді (видео)

0
1 921

Ағылшын тілінен аударғанда "жұмақ" дегенді білдіретін Парадайс қаласы толығымен өртеніп кетті


Алапат өрт бір қаланы толығымен жойып жіберді (видео)

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Калифорния штатының солтүстігінде орналасқан Парадайс қаласы орман өрті салдарынан жойылып, мыңдаған үй өртеніп кетті, деп жазады tengrinews.

Өрт бейсенбіде таңғы уақытта басталды. "Бүкіл қала өртке оранды. Бұл сұмдық жағдай", - деді қалалық кеңестің мүшесі Скотт Лоттер. Осыған дейін Парадайс билігі барлық тұрғынның (27 мың тұрғын) эвакуацияланғанын айтқан еді. Жалпы сол өңірден 50 мыңға жуық адам эвакуацияланған.



CNN мәліметінше, Калифорния штатындағы үш орманнан шыққан өрттің салдарынан 15 мың гектар жерді от шарпыды, тұрғындар мен өрт сөндірушілер арасында зардап шеккендер бар.

Калифорниялық орман шаруашылығы және өрттен қорғау департаментінің төрағасы Джонн Гаддидің айтуынша, мыңдаған ғимарат (Оның көпшілігі Парадайс қаласында) бұзылған. Алайда нақты мәлімет жоқ.


Лос-Анджелеске маңыңдағы өрт салдарынан 7 мың гектарды от шарпыған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, жұмада өртке жақын деген 75 мың үйдің тұрғындары эвакуацияланған. Ормандағы өрт қатты желдің салдарынан жылдам өршіген. 2 мыңнан аса өрт сөндіруші алапат отты ауыздықтау мақсатында жұмыс істеп жатыр, алайда әзірше өрт бақылауға алынған жоқ.