Алдымен есірткі берген: Германиядағы 5 баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

0
680

Жас ананың мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны белгісіз.


Алдымен есірткі берген: Германиядағы 5 баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

ERNUR.KZ. Welt газетінің мәліметінше, Германиядағы тергеушілер 3 қыркүйекте Золингенде өлі табылған бес баланы өлтіруі мүмкін деген әйелді қамауға ордер сұрады, деп жазады tengrinews.kz.

Тергеушілер 27 жастағы кристина "эмоционалды күйзеліс жағдайында" қылмыс жасаған болуы мүмкін екенін айтады.

Қайтыс болғандар - 1,5 жасар, екі және үш жасар үш қыз, сондай-ақ 6 және 7 жастағы екі ұл. Аман қалған жалғыз бала - үлкен ұлы, 11 жастағы Марсель қазіргі таңда әжесінің қасында.

Басылым мәліметінше, бес баланың анасы Марсельді оқудан алып, пойыз арқылы әжесіне жіберген. Артынша ол Дюссельдорфтың басты вокзалында теміржолға секіріп кеткен. Ауыр жарақаттар алған әйел аман қалған. Қазір ол ауруханада полицияның бақылауында жатыр.




Bild хабарлауынша, қайтыс болған балаларда дене жарақаттары болмаған. Тергеушілердің болжамы бойынша, балаларға алдымен есірткі беріп, артынша тұншықтырып немесе улаған болуы мүмкін.
Жас ананың мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны белгісіз.

"Әзірше оның әрекетіне қатысты ештеңе айта алмаймыз", - дейді полиция өкілі.