Әлем бойынша Қазақстан абыройы жағынан көрші елдің алдына шықты

0
3 557

Сол сияқты, өткен жылмен салыстырғанда беделі түсіп қалған елдердің қатарында АҚШ та бар.


Әлем бойынша Қазақстан абыройы жағынан көрші елдің алдына шықты

фото: kaktus.media

Reputation Institute халықаралық консалтингтік компаниясының зерттеушілері әлем елдерінің жыл сайынғы абырой-бедел дәрежесі рейтингін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ kaztag.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл рейтинг бойынша Қазақстан әлем елдері арасында 47-ші орынды иеленген. Ал көрші Ресей 52-орынға жайғасты.

Бұрынғы КСРО құрамындағы елдерден бұл тізімге Ресейден басқа тек Қазақстан ғана енген. Өткен жылы тізімнің 45-орнында болған Украина бұл жылы тізімде мүлде жоқ.

Зерттеушілердің айтуынша, ӘЧ-2018 арқасында Ресейдің беделі өсуі мүмкін. Бірақ биыл оның нәтижесі қуантарлық емес. Сол сияқты, өткен жылмен салыстырғанда беделі түсіп қалған елдердің қатарында АҚШ та бар.

Қытай тізімде 45-орында болса, Үндістан 35-орынды ұстап тұр.

Ал тізімнің алдыңғы қатарын әдеттегідей Швеция, Швейцария және Финляндия бермей тұр.