Әлемде құс тұмауы өршіді

0
510

Бұл әлемдегі азық-түлік қорына қауіп төндіреді.


Әлемде құс тұмауы өршіді

ERNUR.KZ. Барлық құрлықты жайлаған құс тұмауы әлемдегі азық-түлік қорына қауіп төндіріп тұр, деп жазады ulysmedia.kz.

Сарапшылардың зерттеуінше, бүгінде індет барлық құрлықты шарпып үлгерген. Инфекция жабайы құстардан да анықталуда.

Мамандардың сөзінше, вирустың жабайы аң-құстардың арасында таралуы құс фабрикаларындағы аурудың көбейе түсетінін көрсетеді. Демек, бұл әлемдегі азық-түлік қорына қауіп төндіреді.

Індет Америкада, Еуропада, Азияда және Африкада тез таралып жатыр. Құс тұмауына байланысты 15 ақпанда Уругвай мен Аргентинада төтенше жағдай жарияланды.

Бір айта кетерлігі, сарапшылар вирустың таралуына бұрынғыдай жылу немесе аяз әсер етпейтінін алға тартып отыр.