Әлемдегі ең бай адам бір күнде тоғыз млрд долларын жоғалтты

0
577

Amazon компаниясының акциясы бес процент төмендеген


Әлемдегі ең бай адам бір күнде тоғыз млрд долларын жоғалтты

ERNUR.KZ. Әлемдегі ең бай адам Джефф Безостың дәулеті бір күнде тоғыз миллиард долларға азайды, деп хабарлайды Хабар24.

Оның Amazon компаниясының акциясы бес процент төмендеген. Безостың капиталы 4,63 процент төмендеді (184,4 млрд долларға дейін).

Басқа миллиардерлер де ақшаларының бір бөлігінен айырылды. Facebook-тің бас директоры Марк Цукерберг бір күнде 5,3 млрд доллар жоғалтты. Facebook акциялары да бес процентке төмендеді. Tesla компаниясының бас директоры Илон Масктың байлығы 1,6 млрд доллар (93,2 млрд долларға дейін) азайды