Әлемдегі ең биік ғимаратқа найзағай түсті (видео)

0
707

828 метрлік ғимараттың шатырұшы найзағай тартқыш ретінде қызмет етеді


Әлемдегі ең биік ғимаратқа найзағай түсті (видео)

ERNUR.KZ. Дубайда орналасқан әлемдегі ең биік ғимарат – Бурдж-Халифа мұнарасын найзағай соқты, деп жазады Sputnik.kz.

Оқиғаның видеосын Дубайдың мұрагер ханзадасы Шейх Хамдан бен Мохаммад бин Рашид Әл Мактум Twitter-дегі аккаунтында жариялады.

Айта кету керек, мұнараның шатырұшы (шпиль) найзағай тартқыш ретінде қызмет етеді.

Бурдж-Халифа – Дубайда салынған 828 метрлік зеңгір үй, ол әлемдегі ең биік ғимарат саналады. Нысан Біріккен Араб Әмірлігінде 2010 жылдың 4 қаңтарында салтанатты түрде ашылды.

Бұдан бұрын желіде Еуропадағы ең биік ғимараттардың бірі – Санкт-Петербордағы Лахта орталығына найзағай түскені жайлы видео жарияланған еді. Ғимараттың биіктігі 460 метрден асады.


Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет