Әлемдегі ең қымбат шыршаның бағасы қанша?

0
1 424

Әлемдегі ең қымбат жасанды шырша бағасы - 15 миллион 300 000 доллар.


Әлемдегі ең қымбат шыршаның бағасы қанша?

ERNUR.KZ. Екі жарым мыңнан бастап 2 миллион теңгеге дейін. Жаңа жыл қарсаңында саудаланып жатқан жасанды шыршалардың бағасы осындай, деп жазады Тengrinews.kz.

Арзан жасанды шыршалар Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстарында. Ондағы баға 2 500-4 000 теңге аралығында. Ал Түркістан мен Қызылордада жасыл атрибут құны шамамен екі есе жоғары - 7 мың теңге. Елордада болса, таңдау көп - 8 500 - 2 миллион теңге аралығында.

Ал әлемдегі ең қымбат жасанды шырша бағасының 15 миллион 300 000 доллар екен. Испанияның Марбелья қаласында "Кемпински Байя" қонақүйінде орналасқан. Биіктігі - 6 метр. Сваровски кристалымен және сапфир мен гауһартас сынды қымбат зергерлік бұйымдармен безендірілген. Белгілі дизайнерлердің аксессуарлары да бар. Ал домалақ ойыншықтардың орнында страус жұмыртқалары ілінген. Сырты алтын пластинкалармен және алмаз ұнтақпен қапталған. Жасыл өсімдік тәулік бойы күзетіледі.