Алғашқы жеке ғарыш миссиясы ХҒС-ға жетті

0
1 531

Бұл - бірнеше жылдан кейін өзінің орбиталық станциясын салуды жоспарлап отырған компанияның ХҒС-ға алғашқы толықтай жеке миссиясы.


Алғашқы жеке ғарыш миссиясы ХҒС-ға жетті

ERNUR.KZ. SpaceX зымыран тасығышымен орбитаға ұшырылған Axiom коммерциялық аэроғарыш компаниясының Endeavour ғарыш капсуласы Халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) сәтті түйісті, деп жазады inform.kz.

Бұл - бірнеше жылдан кейін өзінің орбиталық станциясын салуды жоспарлап отырған компанияның ХҒС-ға алғашқы толықтай жеке миссиясы.
Ұшқыш пен үш жолаушыдан тұратын Axiom-1 экипажы бірнеше сағаттан кейін ХҒС бортына өтіп, онда 8 күн болады. Жолаушылардың әрқайсысы миссияға қатысу үшін 55 миллион доллардан төлеген.
Олар жай ғарышқа саяхаттаушылар ғана емес, станцияның ғылыми әлеуетін пайдаланып, бірнеше тәжірибе жасау үшін ұшып барды.
Миссияны NASA-ның бұрынғы астронавты Майкл Лопес-Алегрия басқарады. Сондай-ақ, америкалық кәсіпкер және ұшқыш Ларри Коннор, израильдік филантроп және инвестор Эйтан Стиббе мен канадалық кәсіпкер, инвестор және филантроп Марк Пэти қазір орбитада.