Алтын бағасы арзандайды

0
159

Инвесторлар ФРЖ отырысын күтуде.


Алтын бағасы арзандайды

ERNUR.KZ. Алтын бағасы троя унциясы үшін $1910-ға дейін күрт арзандады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Comex биржасындағы ақпаратқа сәйкес, қымбат металл 21 қыркүйекте троя унциясы үшін 1910,6 долларға сатылды. Өткен аптаның соңында (18 Қыркүйек) сауда-саттық 1962 долларға жабылды. Сонымен қатар, LBMA-да 21 қыркүйекте алтынның құны 1909,3 долларды құрады.

Шетелдік мамандар пікірі бойынша, баға белгілеулер доллардың күшеюі мен Федералды резервтік жүйе өкілдерінің мәлімдемесін күту аясында құлдырауда. Инвесторлар реттеушінің инфляцияға деген жаңа көзқарасына қатысты түсініктерді естуге үміттенеді.

Бұған дейін 2020 жылдың тамызында қазақстандықтар 2,3 мың алтын өлшеуіш құймаларды сатып алғаны туралы жазылған болатын. Сондай-ақ Қазақстанның алтын қоры 54 тоннаға түзеліп, 380,4 тоннаға жетті.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет