Ғалымдар ғарышта ішуге болатын сыра әзірлеп жатыр

0
1 779

ERNUR.KZ. Австралияның сыра әзірлейтін 4 Pines Brewing компаниясы мен Saber Astronautics Australia бірігіп Vostok Space Beer атты стаут әзірлеуге кірісті.


Ғалымдар ғарышта ішуге болатын сыра әзірлеп жатыр

ERNUR.KZ. Австралияның сыра әзірлейтін 4 Pines Brewing компаниясы мен Saber Astronautics Australia бірігіп Vostok Space Beer атты стаут әзірлеуге кірісті, деп жазады Baq.kz.

Қазіргі сәтте олар бөтелкенің жаңа түрін жасауды қаржыландыру үшін краудфандингтік кампания ашты. Бөтелке мен сыра ғарыштағы өмір үшін барынша қолайлы. Бұл туралы Австралияның жаңа ғарыш агенттігін құру туралы жаңалықтан кейін айтылды. Осыған қарап аталған мемлекеттің бөгде ғаламшарда жүріп сыра ішуге дайындалып жатқандарын көруге болады.

Ғарышкерлер аталған сыра түрін бөтелкемен іше алады. Яғни мамандар оны ғарышта төгіліп кетпейтіндей етіп жасаған. Сыра белгілі бір мөлшерде газдалатын болады. Әзірге бұл алкоголь түрінің метаболизм және адамның алкогольді қаншалықты көтере алатынына қалай әсер ететіні белгісіз. Жоғарыда екі компания қызметкерлерінен құралған команда осы сұрақтарға жауап іздейтін болады. Себебі, масайған ғарышкерлер басқа адамдарға зиянын тигізуі мүмкін.

Ғарышқа ішімдік тасымалдау қымбатқа түспек. Яғни сыраға ғарышкерлер ақшалары болған жағдайда ғана тапсырыс бере алады. Осы проблеманың алдын алу үшін Ресей ғалымдары ғарышта құлмақ (хмель) пен арпа өсіріп көрген еді. Қазіргі сәтте NASA ғарышкерлеріне ішімдік ішуге тыйым салынған.