​Алжир президенті отставкаға кетті

0
913

Елдегі билік уақытша Парламенттің жоғарғы палатасының спикері Абделькадер Бенсалахқа өтуі мүмкін.


​Алжир президенті отставкаға кетті

ERNUR.KZ. Президент Абдельазиз Бутефлика лауазымынан бас тартып, биліктен кетті, деп жазады «Хабар 24».

Ол шешімін конституциялық кеңеске хабарлаған. Бірнеше апта бойы наразылық шерулерін өткізген тұрғындар көшеге шығып, жаңалыққа қолдауын білдіріп жатыр. Ал елдегі билік уақытша Парламенттің жоғарғы палатасының спикері Абделькадер Бенсалахқа өтуі мүмкін. Бірақ Бутефлика бұған дейін Министрлер кабинетін толықтай ауыстырып, Нуреддин Бедуиді Премьер-министр етіп тағайындаған.

Еске сала кетейік, Алжирде Бутефликаға қарсы шерулер ақпан айында басталды. Себебі, 82 жастағы науқас президент кезекті сайлауға қатысатынын мәлімдеген. Бұл халықтың наразылығын туғызып, наурыздың бас кезінде Бутефлика саяси додаға түспейтінін жариялаған еді.

Селмауи Седдик, жергілікті тұрғын:

- Бутефликаның отставкаға кеткеніне ризамын. Дұрыс әрі маңызды қадам. Біз ескі саяси жүйені толықтай өзгертуіміз керек. Бұл мәселені де Алжир халқы бейбіт жолмен шешеді деп сенемін.