Америкада 5 миллионнан астам адам қауіпті вирус жұқтырған

0
339

Бұл вирустан биылдың өзінде 1800-ден астам адам қайтыс болған.


Америкада 5 миллионнан астам адам қауіпті вирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Панамерикалық Денсаулық сақтау ұйымы Америкада биыл 5,2 миллионнан астам адам денге вирусын жұқтырған деген дерек береді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл өткен айдағы мәліметтен 48% көп. Денге вирусын масалар таратады. Одан биыл 1800-ден астам адам көз жұмған.

Панамерикалық Денсаулық сақтау ұйымының басшысы Жарбас Барбоза денге ауруының Америкада «төтенше жағдай» тудырып отырғанын айтты. Оның дерегінше, вируспен ең көп ауырған - Аргентина мен Бразилияның халқы.

Барбозаның айтуынша, денгеге қарсы вакцинаның саны шектеулі, оның үстіне вакцина тез әсер етпейді.

«Денгеге қарсы вакцинасының өлім-жітімді азайтуда маңызы зор, бірақ ол әсер еткенге дейін біраз уақыт алады», - деді ұйым басшысы.

Кейбір ауыр жағдайларда қан кетіп, науқастың өліміне әкеледі.