​Америкалық актер Алек Болдуин операторды атпағанын мәлімдеді

0
624

Актер бұл жағдай өміріндегі ең ауыр оқиға болғанын айтты.


​Америкалық актер Алек Болдуин операторды атпағанын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Америкалық актер Алек Болдуин Rust фильмінің түсірілім алаңында операторға оқ атылған тапаншаның шүріппесін баспағанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы актер америкалық ABC телекомпаниясына берген сұхбатында айтты. Видео үзіндісі компания сайтында жарияланған.

"Мен шүріппені басқан жоқпын. Мен ешқашан ешкімге қаруды бағыттамаймын және шүріппені де баспайымын", - деді Болдуин сұхбатта.

Видеода актер бұлай болғанына әлі де сенбейтінін айтып, жылап жіберді.

Болдуиннің айтуынша, ол тапаншаға атыс оқтарын кім салып қоюы мүмкін екенін білмейді. Сондай-ақ, актер бұл жағдай өміріндегі ең ауыр оқиға болғанын айтты.


"Біреу тапаншаға атысқа арналған оқтарды салып қойған, ол түсірілім алаңында болмауы керек", - деді ол.

Айта кетейік, оператордың өліміне қатысты оқиға АҚШ-тың Нью-Мексико штатында түсірілім алаңында болды. Актер оқ атуы керек кезде, түсірілім алаңында бірнеше адам жараланды. "Ржавчина" фильмінің режиссері Джоэл Соуза, оператор Галина Хатчинс ауыр жараланып, Альбукерке ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оператордың өмірін сақтап қала алмады.