Америкалық компания химиялық заттары жоқ косметикалық өнімдер мен киім-кешек өндірмек

0
967

Өнертапқыштар мұның бәрін жібекпен алмастыруды ұсынып отыр.


Америкалық компания химиялық заттары жоқ косметикалық өнімдер мен киім-кешек өндірмек

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Бостон қаласындағы компаниялардың бірі құрамында химиялық заттары жоқ косметикалық өнімдер мен киім-кешек өндіру жобасын қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өнертапқыштар мұның бәрін жібекпен алмастыруды ұсынып отыр. Зерттеушілердің айтуынша, көп тұтынушы химикаттардың денесіне тигізетін зияны жайлы біле бермейді. Мәселен, спортпен айналысу кезінде адам қатты терлейді. Сонда киім ұзаққа шыдас беруі үшін қосылатын арнайы заттар кісінің терісіне сіңіп кетуі мүмкін. Солардың қатарында формальдегид те бар көрінеді. Ол гормондық бұзылу тудырып, репродуктивті қызметке кері әсер ете алады. Енді мамандар мұның бәрін жібек протеинімен алмастыруды ұсынуда. Айтуларынша, оны дайындауға ешқандай химикаттар қажет емес. Тек су, тұз бен жарық керек екен.

– Мысалы, спорттық киімді алайық. Оның құрамында 5 түрлі химиялық зат болуы мүмкін. Олар киімнің ұзаққа шыдас беруі үшін қажет. Әлгі заттар адам терлегенде денеге сіңеді. Ал жуғанда суды ластайды. Сондықтан біз химикаттарды жібек жіптермен алмастыруды ұсынып отырмыз, - дейді жобаны әзірлеуші компания өкілі Бэк Лакотюр.