Анасына сақина сыйлағысы келген 9 жасар бала 82 мың теңгені тиынмен төледі (видео)

0
1 476

Го Ифань есімді 9 жасар бала жинаған тиынын анасына сыйлық алуға жұмсаған


 Анасына сақина сыйлағысы келген 9 жасар бала 82 мың теңгені тиынмен төледі (видео)

ERNUR.KZ. Қытайдың Линьсянь қаласында 9 жасар бала анасына сыйлық жасау үшін 1 500 юаньді (82 мың теңгеден аса) тиынмен төледі, деп жазады stan.kz.

12 мамырда Го Ифань анасына қуантқысы келіп, зергерлік дүкенге барған. Ол анасынан өзіне ұнаған сақинаны таңдауын сұрапты. Мұнан кейін 9 жасар бала рюкзагынан екі үлкен ақша жинайтын сандықшаны алып шығады.

Видеодан Ифаньнің сандықшаны сындырып, көп тиынды шашқаны байқалады. Сатушылар оның әрекетіне таңғалып, тиындарды санауға көмектесті.