Анджелина Джоли арықтаймын деп ауруханаға түсті

0
1 408

Голливудтық атақты актриса Анджелина Джолидің жүйкесі сыр берді


Анджелина Джоли арықтаймын деп ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Голливудтың беткеұстар актрисасы Анджелина Джоли психикалық ауытқушылықпен ауруханаға түсті, деп жазады DIAPAZON.KZ.

Актриса ауруханада шамамен екі аптадай уақытын өткізеді. Қазіргі уақытта Анджелина түсіп жатқан «Малефисента-2» фильмінің түсірілімі тоқтатылды.

Голливудтық актриса Анджелина Джоли ауруханаға психикасының бұзылуына байланысты түскен.

Жұлдыз өзінде артық салмақ пайда болды деген оймен бас қатырған. Нәтижесінде Джоли ханым 44 келіге дейін арықтап кеткен. Тіпті одан кейін де арықтауды жалғастырған.

Актрисаның бұған дейін де бұл клиникада емделгені жөнінде айтылады. Бірнеше жыл бұрын медициналық мекеме қызметкерлері актрисаға тәбетсіздікпен күресуге көмектескен екен.