Англияда жауын салдарынан бөгет қирап, аймақ су астында қалды

0
1 254

Тәртіп сақшылары апатты аймақтардан тұрғындарды шұғыл эвакуациялауға кірісті.


Англияда жауын салдарынан бөгет қирап, аймақ су астында қалды

ERNUR.KZ. Англияның орталығындағы Дербишир графствосында бірнеше күн жауған толассыз жауын салдарынан Тоддбрук су қоймасының бөгеті қирап түсті, деп жазады 24.kz.

Апаттан Уэйли Бридж қаласының көшелері су астында қалды. Су тасқынынан аймақтағы көпір опырылып, көлік жол қатынасы тежелді. Тәртіп сақшылары апатты аймақтардан тұрғындарды шұғыл эвакуациялауға кірісті.

Болжам бойынша 5 мыңға жуық адам өзге жерге көшірілуі тиіс. Әзірге апаттан жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.