Антарктидада жаңа жауған қардан пластик табылды

0
589

Зерттеу барысында ерітілген әр бір литр қардан шамамен 30-ға жуық түрлі пластик қалдықтардың бөлшегі анықталған.


Антарктидада жаңа жауған қардан пластик табылды

ERNUR.KZ. Антарктидада жаңа жауған қардан пластик қалдықтарының бөлшектері анықталды, деп жазады 24.kz.

Жаңа Зеландиялық ғалымдар Росса мұздығы аумағынан жаңа жауған қар үлгілерінен пластик қалдықтарды тапты. Зерттеу барысында ерітілген әр бір литр қардан шамамен 30-ға жуық түрлі пластик қалдықтардың бөлшегі анықталған.

Ғалымдар олардың арасында шөлмек шығаруда қолданылатын полимер мен синтетикалық талшықтар көп кездесетінін айтады. Мамандар бұл Антарктидадағы мұздықтардың еруін жылдамдатып, құрлықтың экожүйесіне нұқсан келтіруі мүмкін деп отыр.