Apple iPhone-ның жаңа үлгілерін таныстырды

0
1 063

Бұл жылғы көрсетілген нұсқалардың қатарында iPhone 12 mini, iPhone 12, iPhone 12 Pro және iPhone 12 Pro Max-тар бар.


Apple iPhone-ның жаңа үлгілерін таныстырды

ERNUR.KZ. Аpple компаниясы Hi, Speed, яғни «Жылдамдық жаңалықтары» деген тақырыппен өткен онлайн-таныстырылымда 4 бірдей смартфон мен HomePod mini деп аталатын ақылды колонканы таныстырды, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл жылғы көрсетілген нұсқалардың қатарында iPhone 12 mini, iPhone 12, iPhone 12 Pro және iPhone 12 Pro Max-тар бар. Алғашқы 2 нұсқа жалпы қолдануға арналса, «Pro» нұсқалары негізінен сапалы фото мен видео түсіруді құп көретіндерге арналған. 4 смартфон да жоғарғы жылдамдықты 5G интернет желісіне қосылады.

Компания басшысы Тима Кук «бұл құрылғылар iPhone смартфондары тарихындағы жаңа дәуірдің есігін ашты» деп мәлімдеді.

Жаңа iPhone 12-нің корпусы бұрынғыларына қарағанда тік бұрышты кейіпке енген. Бұл iPhone-дар осыған дейін таныстырылған iPad Pro мен iPad Air планшеттеріне ұқсайды. iPhone 12-нің 5 түсі ұсынылған – қара, ақ, қызыл, жасыл және көк. Бағасы 799 доллардан басталады.

Айта кетейік, биыл алғаш рет Apple компаниясы өзінің жаңа өнімдерін iPhone-сыз таныстырған еді.