Аргентинада қар құрсауында қалғандар құтқарылды

0
610

Құтқарушылар бірнеше адамды аман-есен діттеген жерлеріне жеткізді.


Аргентинада қар құрсауында қалғандар құтқарылды

ERNUR.KZ. Аргентинада қалың қар жауып, елді Чилимен байланыстыратын жолда боран соқты, деп жазады Zakon.kz.

Соның салдарынан көліктер қар құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар бірнеше адамды аман-есен діттеген жерлеріне жеткізді.

Ал Чилиде таулы аймақта қалып қойған жүзден астам турист қауіпсіз жерге көшірілген.

Айта кетсек, аймақта қар жауатыны туралы алдын-ала хабарланған.

Соған қарамастан жол не себепті жабылмағанына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.