Армениядан ұйымнан шығу туралы өтініш түскен жоқ - ҰҚШҰ

0
586

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян France24 телеарнасына берген сұхбатында Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік келісімнің орындалмағанын, Ереванның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатқанын айтқан.


Армениядан ұйымнан шығу туралы өтініш түскен жоқ - ҰҚШҰ

ERNUR.KZ. ҰҚШҰ Армения премьер-министрі Никол Пашинянның елдің ұйымдағы мүшелігін тоқтату туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.

"Бүгінге дейін ҰҚШҰ хатшылығына Ереваннан ҰҚШҰ-ға мүшелікті тоқтата тұру туралы ешқандай мәлімдеме келген жоқ. Қатысуды тоқтату туралы тезиске келетін болсақ, Армения Республикасының бірқатар шараларға қатыспауы туралы айтылған болуы керек. Армения ұйым жақында өткізген брқатар шараларға қатысты", - деп хабарлады ҰҚШҰ хатшылығы.
Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян France24 телеарнасына берген сұхбатында Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік келісімнің орындалмағанын, Ереванның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатқанын айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, ҰҚШҰ-ға алты мемлекет кіреді: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мамыр айының соңында армян тарапының ҰҚШҰ аясындағы бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық шараларына қатысуының маңыздылығын атап өтті.