"Ашық ескертіп жатырмын": Атамбаев қарулы қарсылық көрсететінін мәлімдеді

0
800

Алмазбек Атамбаев сыйға алған тапаншасы бар екенін және "оңайшылықпен берілмейтінін" мәлімдеді.


ERNUR.KZ. Жогорку Кенеш Атамбаевты экс-президент және сәйкесінше қол сұғылмаушылық мәртебесінен айырғаннан кейін Атамбаевтың жақтастары оның Қой-Таш ауылындағы үйіне жиналды. Саясаткер журналистермен әңгімелесіп, жағдайды түсіндірді, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

"Күш құрылымдары арасында біздің жақтастарымыз көп... Мені тұтқындауға дайындалып жатқанын білемін. Бәріне дайынмын. Егер ұстауға келетін болса, сыйға алған тапаншам бар екенін ұмытпасын, мен мұны ашық ескертіп жатырмын. Оңайшылықпен беріле салмайтынымызды білсін. Алайда маған жіберетін жігіттерді аяймын. Қырғызда "жатып өлгенше, атып өл" деген сөз бар. Менің жанымда ешкім болмайды", — деді Атамбаев.

Экс-мемлекет басшысы өзін қолдау мақсатында өткізілетін митингілерге қатысатынын айта кетті.