Ашынған мұғалім сұхбат беруге жалаңаш күйінде келді

0
3 668

Қарсылығын шешініп білдіргісі келген.


Ашынған мұғалім сұхбат беруге жалаңаш күйінде келді

ERNUR.KZ. Кембридж университетінің докторы, оқытушы Виктория Бейтман BBC Radio 4 арнасына жалаңаш күйінде сұхбат берді, деп жазады stan.kz.

Виктория Бейтман Ұлыбританияның Еуро Одақтан шығуға осылайша қарсылық білдіргісі келді.

Сарапшы жүргізуші Джон Хамфриске 5 минуттың сұхбат уақытын беруі тиіс еді. Бейтман пальтосын шешкенде, жүргізуші оның жалаңаш екенін көреді.

“О, сен жалаңаш күйдесің ғой”, – деді жүргізуші.

Ол мұғалімнің денесінде “Брекзит Британияны жалаңаш қалдырды” делінген жазбаны оқыды.

Сұхбат кезіде сарапшы парламент мүшесі Джейкоб Рис-Моггуге қоңырау тастады. Ол Брекзиттің жақтаушысы.

“Мен Джейкобты Рис-Могпен ашық пікір талас жүргізуге шақырамын. Бұл мәселенің соңына дейін барамыз”, -деді ол.

Бұл жайлы Бейтман желідегі парақшасында жазды.

“Бүгін таңертең радиодан Бекзит жайлы айтам. Студияда жылы деп ойлаймын”, – деп жазды.

Бейтманның бұл әрекетіне сын айтқандар бар. Көпшілік оның жалаңаштануын күлкілі деп қабылдады.

“Сізді күнә істедіңіз деп ойламаймыз, сіз күнәлі іс істедіңіз деп ойлаймын”, – дейді журналист Пирс Морган.