Асиф Али Зардари екінші рет Пәкістан президенті болып сайланды

0
663


Асиф Али Зардари екінші рет Пәкістан президенті болып сайланды

ERNUR.KZ Aсиф Али Зардари Пәкістанның екі палатасында (Ұлттық ассамблея (төменгі палата) және Сенатта (жоғарғы палата), сондай-ақ төрт аймақтық ассамблеяда) өткен дауыс беру нәтижесінде екінші рет ел президенті болып сайланды, деп жазады kaz.inform.kz.


The News International басылымының хабарлауынша, президенттік сайлау 8 ақпанда Пәкістанда өткен жалпы парламенттік сайлаудан кейін өтті.

Алдын ала нәтижелерге сәйкес, Пәкістан халық партиясы (ХПП) мен Пәкістан Мұсылман лигасы - Наваздың бірлескен кандидаты Зардари екінші рет Пәкістан президенті болып сайланды.

Асиф Али Зардари 1955 жылы Карачиде дүниеге келген және 2008-2013 жылдар аралығында президент қызметін атқарған. Зардаридің әйелі 2007 жылы 27 желтоқсанда қарулы жанкешті шабуылдың салдарынан қайтыс болды.