Әтешті тірідей жемек болған мас спортшы оның айдарын тістеп жұлып алған

0
158

Жануарларды қорлаған азаматтарға 12,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынады.


Әтешті тірідей жемек болған мас спортшы оның айдарын тістеп жұлып алған

ERNUR.KZ. Тауықты тістеп алған француз командасының ойыншысы үлкен көлемде айыппұл төлейді, деп жазады Stan.kz.

Франциялық пелотари Биксант Ларральдтың тірі тауықты тістеп алған сәтте түсірілген видеосы жануарлар қорғаушыларының көзіне түсті. Видео маусым айында спортшының ағасы Аспарренедегі ойында жеңіске жеткеннен кейінгі отырыста түсірілген болуы мүмкін.

Қоғам да Ларральдың әрекетіне бей-жай қарай алмады. Оны демеушіден айырып, командадан қуу туралы MesOpinions сайтында жарияланған петицияға 29 мың адам қол қойды. Бриджит Бардо қоры өз кезегінде спортшы жазаланатындай жасайтынын жеткізді. Сондай-ақ, сотпен қудалату ісіне 30 Millions d’Amis ұйымы да қосылғалы отыр.

Ларральдтың айтуынша, «тауықты тістеген дұрыс емес және өз әрекеті қате» деп ойлайды. Францияда жануарларды қорлаған азаматтарға 30 мың еуро (12,4 млн теңге) көлемінде айыппұл салады.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет