​Ауғанстанда лай көшкінінен адамдар қаза тапты

0
771

Ауғанстанның Панджшер провинциясында лай көшкіні жүріп, 10 адам қаза тапты.


​Ауғанстанда лай көшкінінен адамдар қаза тапты

Ауғанстанның Панджшер провинциясында лай көшкіні жүріп, 10 адам қаза тапты деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Табиғат апаты жергілікті уақытпен түнгі сағат 01:00 шамасында болды. Таудан аққан лай-батпақ жолындағы ауылды басып, 300 үйді бүлдіріп, қиратып кеткен. Қазір апат болған ауданда құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Із-түссіз жоғалып кеткендерді іздестіру үшін аймақ орталығынан құтқарушылар аттандырылды. Бельгияда ресми сапармен жүрген ел президенті жапа шеккендерге барлық көмек көрсетуге бұйырды. Ал лай көшкінінің жүруіне таудағы қардың еруі себеп болуы мүмкін. Өйткені әдетте елдің таулы аймақтарында көктем айларында қардың еруі басталып, су тасқыны мен лай көшкіні көбейеді. Бірақ мамандардың айтуынша, кей өңірлерде табиғи қорған болып тұрған орманның аяусыз бұталуы табиғат апатының жиілеуіне әкелген.